Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы үшінші орын алды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің әлеуметтік желідегі парақшасына жазуына қарағанда, ел құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енген. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында тұр.
«Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді. Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты», - деп жазған министр оқушыларымызды әлемдік олимпиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтайды.
Ол Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын айтады.