Дүниежүзілік ислам лигасы Діндер басшыларының үшінші съезі қатысушылар арасында өзара түсіністікті көрсете алады деп үміттенеді - Ислам Лигасының Бас хатшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінгі съезге қатысушылар форумда қол жеткізілген өзара түсіністікті одан әрі дүние жүзіне, өздерінің халықтары мен діни конфессияларына жеткізулері тиіс. «Біз осы форум жұмысының қорытынды сөздері мен ұрандары біздің бейбітшілікке шақырған игілікті бастамаларымызға және бейбіт өмір сүруімізге қарсыларға тойтарыс беруге, сондай-ақ түрлі діндер мен өркениеттерді ұстанатын топтар арасындағы көкжиекті кеңейтетініне ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді мәртебелі мейман.
Қонақтың пікірінше, осы жоғары форум Король Абдалла бен Абдель Әзиз Әл Саудтың түрлі діндер мен өркениеттерді ұстанушылар арасындағы диалогты ілгері жылжыту жөніндегі бастамасымен бір арнада келе жатыр. «Бұл бастама тек мұсылмандар арасында ғана емес, сонымен қатар басқа діндердің өкілдері арасында кең ауқымды қолдауға ие болды. Дүниежүзілік ислам лигасы өткен жылы өркениттердің диалогы жөніндегі екі жиын өткізді. Бірі қасиетті Меккеде, екіншісі Мадридте болды. Екі форум да халықаралық ауқымда кең қолдау тапты. Шын мәнінде бейбітшілік жолындағы біздің ұрандарымыз игілікті, гуманистік, айқын, терең негіздерді және нақты мақсаттарды көздейді. Бұл ұрандар әсіресе діни және нәсілдік белгілер бойынша, сондай-ақ мәдени алуандығы жағынан қысымға ұшыраған халықтар арасында жаппай қолдауға ие болды», - деді.
Мәртебелі мейман баяндамасы барысында Ислам дінінің ерекшеліктеріне де тоқталып өтті.