Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында кіруі мүмкін - Экономикалық даму және сауда министрлігі
Бұл туралы бүгін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінен кейінгі брифингте аталған ведомствоның басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылға белгіленіп отыр және бұған қатысты барлық алғышарттар бар. Ж. Айтжанова ДСҰ-ға ену 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында іске асырылуы мүмкін екенін айта келе, «мен қазіргі кезде Қазақстан ДСҰ-ға нақты 2012 жылға дейін аяқ басады деп айта алмаймын. Себебі, бұл жұмыстар біздің Үкімет іске асырып отырған техникалық шараларға ғана қатысты емес. Сонымен қатар осы үрдіске конгресс ішіндегі, сенат, Еуропалық одаққа мүше-мемлекеттермен, сондай-ақ біздің сауда әріптестердің тарапынан болатын келісімдерге байланысты. Бұл тұрғыда оларда осы жұмыстар қанша уақыт алатыны жайлы болжап білу мүмкін емес», деді. Мұнымен қоса ведомство басшысы ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді Қазақстанмен қатар Ресей жағы да жүргізіп жатқанын айтып өтті.