Дүниежүзілік туристік ұйым Ұлы Жібек жолын дамытуға шақырады

Баяндама тарауларының бірі «Жібек жолы» жобасына арналған, Дүниежүзілік туристік ұйымның пайымдауынша, осы аңызға айналған жолбағыт сонымен бірге еуропалықтардың да назарын аударуға тиіс. Жобаға Армения, Әзербайжан, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Украина және Өзбекстан қатысуда.
ДТО сарапшыларының атап көрсетуінше, туризм - әлемдік экономиканың неғұрлым шапшаң өсіп отырған салаларының бірі. Туризм дамушы елдердің, соның ішінде Жібек жолы өтетін елдердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Баяндама авторлары осы елдердің көпшілігі бұл тарихи жолбағыт бойынша саяхаттаушылар үшін визалық режимді оңайлатты. Атап айтқанда, Армения, Грузия және Тәжікстан визаны шекарадан өтерде ұсынады, ал Ресей өз территориясында туристердің үш тәулікке дейін визасыз жүріп-тұруына кеңшілік береді.