Дүниежүзінде азаттық үшін ең көп күрескен халық - қазақтар - Р. Алшанов

Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны кезінде осылай айтылды.
«Қоғамда қазақ момын деген жалған ұғым бар. Бүгінде ақтаңдақтардың беті ашылуда. Тарихшылар көп еңбек етіп жатыр. Тарихта қарасақ дүниежүзінде ең көп соғысқан қазақтар екен. Оған әлі дұрыс баға берілмеуде», - дейді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов. Ғалымның айтуынша, тәуелсіздік жылдары қазақтың өз тарихын қазбалап, жерде-жерде батырлары мен ел басқарған би-сұлтандарына ескерткіш қойып, есімін ұлықтап жатқаны кездейсоқтық емес. Биыл 1986 жылғы 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне 25 жыл, ал Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жарияланғанына 20 жыл толады. Осыған орай Алматы қаласының әкімшілігі, Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы бүгін осы шараны арнайы ұйымдастырып отыр. Мақсат - азаттық жолындағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихын ғана айтып қоймай, оның саяси астарына үңілу.