Дүниежүзілік банк Қазақстанда экономикалық өсудің баяулап, теңсіздіктің ұлғаюын атады

шығындарды азайту
Фото: Canva

АСТАНА. KAZINFORM – Жоғары аудиторлық палата 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытындысын жария етті.

«Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша экономикалық өсудің баяулап, теңсіздіктің ұлғаюы мемлекеттің қатысуы басым экономиканың шикізат моделін көрсетеді. Осы жағдайды бәсекелестікті, адами капиталды дамыту, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың көрсеткіштерін жақсарту және халықтың әлеуметтік қорғалуын нығайту арқылы басқаша еңсеруге болады. Болжамды макроэкономикалық және бюджеттік параметрлерді қалыптастыру кезінде ҰЭМ мұнайдың бағасы бір баррель үшін 85 АҚШ доллары деңгейіндегі белгіленген базалық сценарийді алды», - делінген қорытындыда.

Құжатта 2023 жылы нақты баға бір баррель үшін 82,6 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасқаны аталып өтіледі. Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірістерінің 40 пайыздан астамы табиғи рента есебінен қалыптасады және мұнай кірістеріне тәуелді.

Бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігінің күшеюі бюджет жүйесінің тұрақтылығын ұзақ мерзімді кезеңде қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін тудырады. Сонымен қатар, 2050 жылға дейін 137 елдің басым бөлігі көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етеді. Қазақстан, басқа да бірқатар ел сияқты (Австралия, Сингапур, Украина, Қытай) көзделген межеге 2060 жылға қарай жетуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар