Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресейден 150 спортшы келді

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Астанаға Ресейден 150 спортшы келді. Олардың барлық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысады, деп хабарлайды Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі.

150 спортсменов из России приехали на Всемирные игры кочевников в Астану
Фото: МИР24 телеарнасы кадрынан

Ресейдің ұлтық және олимпиада түрлеріне жатпайтын спорт комитеті бірыңғай команда жасақтап, олар бір ту астында өнер көрсетеді.

Ресей құрамасындағы 150 спортшы көшпенділер ойындарында ұйымдастырылатын спорттың барлық, яғни 21 түріне де қатысады. Ауқымда шара аясында ұлттық жекепе-жек түрлері, садақ ату, дәстүрлі интелектуалды және халық ойындарынан, ат спорты ойындарынан жарыстар өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тікелей трансляциясы қаншада басталады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде елордалық медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейді.

Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды.