Дүниежүзілік ойындарда Нұрсұлтан Дүйсенқұлов джиу-джитсудан күміс медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Чэнду қаласындағы XII Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан ерлер арасында Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 келі) күміс жүлдегер атанды.

Нұрсұлтан Дүйсенқұлов күміс медаль алды
Фото: Спорт комитеті

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалда ол даниялық Лукас Андерсенге 11:15 есебімен жол берді.

Отандасымыз финалға дейін тағы бір кездесуде Лукас Андерсенді 16:12, Йоро Янник Ефрем Зоузоуаны 15:17 есебімен есе жіберіп, жартылай финалда Перси Кунсасдан 27:18 есебімен басым түскен еді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан джиу-джитсудан 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір 69 келі) чемпион атанса, Аслан Қанатбек (62 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ ел құрамасынан каратэден 50 келідегі Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдеге ие болған еді.

Отандастарымыз аталған жарысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. Қазірге дейін олар 6 алтын, 4 күміс, 7 қола жүлде алды. Қазақстандық спортшылар 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен әзірге жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Биыл жарыс 34 спорт түрінен өтіп, 253 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы додаға 17 тамызға дейін 114 елден 4 000 спортшы қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар