Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды қайтарып алуға дайын

АСТАНА. KAZINFORM — Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі Луврда болған тонауға қатысты пікірін білдіріп, мұны «бір кездері ұлы елдің құлдырауының қайғылы белгісі» деп атады.

Дуров отреагировал на ограбление Лувра
Коллаж: Canva

— Луврдағы тонау мені мүлде таңғалдырған жоқ. Бұл бір кездері ұлы елдің құлдырауының тағы бір қайғылы белгісі, ондағы үкімет шынайы қауіптерге бетпе-бет келудің орнына ойдан шығарылған қауіп-қатер арқылы адамдарды алаңдату өнерін жетілдірді, — деп жазды Дуров Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Кейінірек ол ұрланған құнды заттарды қуана сатып алып, Луврға сыйға беретінін қосып өтті.

— Мен, әрине, Әбу-Даби Лувры туралы айтып отырмын. Әбу-Даби Луврынан ешкім оны ұрламайды, — деді Дуров.

Бұған дейін Париждегі Луврға ұры түскенін жазған едік. 

Франция президенті Эмманюэль Макрон Луврдағы зергерлік бұйымдардың ұрлануына қатысты жауап беріп, олардың қайтарылып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. 

Атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын мына материалдан оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар