Дуров РФ мен БАӘ-нің дипломатиялық көмегінен бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) ұсынған дипломатиялық көмектен бас тартты, деп жазады ТАСС.

дуров
Фото: t.me/durov

Бұл туралы Politico газеті француз шенеунігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бұл адам Ресейдің консулдық қорғауынан және БАӘ консулдығының өкіліне барудан бас тартты, бірақ жағдай туралы БАӘ елшілігіне хабарлауға келісті», - деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетейік, франциялық БАҚ хабарлағандай, Павел Дуров 24 тамызда Париждегі Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмыстарға, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған болатын. 

Илон Маск Дуровтың ұсталуын АҚШ Конституциясына сөз бостандығына кепілдік беретін бірінші түзетудің «жарнамасы» деп атады.

Telegram командасы платформаны теріс пайдаланды деген айыптаулар абсурд деп мәлімдеді.

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ағасына да Францияда іздеу жарияланды.

Қазір Дуров соттың қадағалауымен босатылды. Дегенмен, оған Франция аумағынан шығуға тыйым салынды және 5 миллион еуро көлемінде кепіл төлеуі керек.

Соңғы жаңалықтар