Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы талқыланды

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әбуталап Ахметов пен Тәжікстан Республикасының Экономикалық және даму министрі Фаррух Камралиевпен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ТР-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында екі елдің саясаттағы, энергетика саласындағы ынтымақтастығының даму болашағы мен қазіргі кездегі жағдайына, сондай-ақ Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынас саласындағы өзара ынтымақтастық бойынша қолданылатын шараларға ерекше назар бөлінді.

Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылдың желтоқсанында Душанбе қаласында үкіметаралық комиссияның кезекті 8 отырысын өткізуге дайындықты және экономиканың негізгі бағыттары бойынша болатын экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысындағы әзірленген хаттаманың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Соңғы жаңалықтар