Душанбеде «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының тұсау кесері өткізілді

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше, 9 ақпанда Душанбеде Тәжікстан республикасының үкіметі жанындағы Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару комитетінде Тәжікстан республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы,
None
None

Тәжікстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің және тілшілердің қатысуымен «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының тұсау кесері өткізілді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған жиында сөз алған Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Айтжан Айдашев Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялық қор Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылып отырғанын, оның мақсаты - бауырлас Тәжікстанның экономикалық әл-ауқатын көтеру және дамыту екенін, екі мемлекет бірлесіп құятын инвестициялардың Тәжікстан аумағындағы стратегиялық жобаларға арналатынын атап өтті.

«Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мұқан Сағындықов бұл қордың қазақстандық құрылтайшысы «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына 100 пайыздық акциялары жататын «Қазына капитал менеджмент» акционердік қоғамы деді өз сөзінде.

Сонымен бірге, бұл қордың мақсатты қаржысы 80 млн. АҚШ доллары, оның 80 пайызын қазақ тарапы қалғанын тәжік жағы береді. Тәжікстан аумағындағы төлемдік қайтарымды әрі тиімді жобаларға жұмсалады. Бұған қоса тараптардың өзара келісімі бойынша шет елдердегі жобалар да қарастырылады. Қаржыландыру шаралары жобалық компаниялардың үлестері мен акцияларын иелену арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялаудағы мақсатты секторлар электр энергетикасы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, сондай-ақ түсті металлургия, қаржылық салалар мен телекоммуникация болмақ.

Соңғы жаңалықтар