17:02, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Душанбеде ҚР елшілігі «Бәйтерек» ұйымымен бірге достық кешін өткізді
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Душанбеде Қазақстан Республикасының елшілігі Тәжікстан қазақтарының «Бәйтерек» қоғамдық ұйымымен бірге қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустар мен басқа да ұлттық-мәдени орталық өкілдерінің қатысуымен достық кешін өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бәйтерек» ұйымының жетекшісі Зәуре Саминова өз сөзінде Қазақстан елшілігінің көмегімен біздің елдің тарихымен, мәдениетімен, әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларындағы жетістіктерімен таныстыруға бағытталған әртүрлі ұлттық, мәдени-гуманитарлық шаралардың өткізіліп отыратындығына тоқталды.
Қазіргі таңда «Бәйтерек» ұйымы Тәжікстанның әр аумағында тұратын 500-ге тарта қазақтардың басын біріктіріп отыр. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тілімізді сақтап қалу үшін ұйым өз қызметінің аясында балаларды қазақ тіліне үйрететін жексенбілік мектеп ашты.