Душанбеде Ту күнін мерекелеу кезінде тәртіпсіздік жасаған жасөспірімдер ұсталды

24 қарашада Душанбеде Мемлекеттік ту мерекесі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған бірнеше жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Kazinform Тәжікстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

  Душанбе, Тәжікстан
Фото: скриншот предоставлен МВД РТ

Көліктің терезесінен шығып алған жастар Душанбе көшелерімен жалауларын желбіретіп, айқайлап, жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Тәжікстан ІІМ хабарлауынша, 11 көлік жүргізушісі мен 13 жасөспірім жауапқа тартылды.

Көлік жүргізушілеріне қатысты Тәжікстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бес жасөспірімге қатысты одан әрі шара қолдану үшін қажетті материалдар жинақталды.

Сондай-ақ, 8 жасөспірімнің ата-анасына Тәжікстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 90-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шара қолдану үшін сотқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Душанбеде Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік туы күніне орай салтанатты шеру өтіп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар