Душанбеде түнгі клубтардың бірінде жарылыс болды

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Тәжікстанның астанасы Душанбеде дүйсенбі күнге қараған түні түнгі клубтардың бірінде жарылыс болып, соның салдарынан бес адам жараланды, деп хабарлайды Вести.Ru.
None
None

Тергеу амалдарын Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізуде, деп хабарлады ИТАР-ТАСС-қа жергілікті күш құрылымдарындағы ақпарат көзі. Оның айтуынша, би залындағы үстелдердің бірінің астынан күші бәсең жарылғыш зат жарылған. Жараланған бес адамның екеуінің жағдайы нашар. Жарылыс себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар