Душанбеде XII Орталықазиялық БАҚ конференциясы өтіп жатыр

ДУШАНБЕ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Душанбеде «Ақпаратқа және жаңа технологияларға қолжетімділік» деген тақырыпта XII Орталықазиялық бұқаралық ақпарат құралдарының конференциясы өтіп жатыр. Шара БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкіл Бюросының желісі бойынша ұйымдастырылды.
None
None

Конференцияда Орталық Азиядағы ақпаратқа қолжетімділік құқығы саласындағы халықаралық стандарттарға қатысты мәселелер, ақпаратқа қолжетімділік құқықтарын қолдаудағы азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының ролі талқылануда. Сондай-ақ Орталық Азияның медиялық кеңістігіндегі істердің жағдайымен байланысты мәселелер де әңгімеге арқау болып отыр.

Конференцияда Қазақстанның байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов сөз сөйледі. Ол министрліктің электрондық Үкімет енгізу, интернет-кеңістікті кеңейту, сандық хабар тарату жүйесіне ауысу және ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарына егжей-тегжей тоқталып өтті.

Атап айтқанда, вице-министр, электрондық Үкіметті енгізу азаматтардың ақпараттарды еркін алуға деген құқықтарын жүзеге асыру болып табылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар