Душанбедегі саммит Орталық Азия мен Ресей ынтымақтастығына жаңа серпін беруі мүмкін – сарапшылар

МӘСКЕУ. KAZINFORM – 9–10 қазанда Душанбеде ТМД елдері басшыларының саммиті өтеді. Сонымен қатар «Орталық Азия – Ресей» форматындағы екінші кездесу де ұйымдастырылады. Сарапшылардың пікірінше, басты тақырыптар көлік инфрақұрылымын дамыту, энергетикалық серіктестік, миграциялық саясат және білім беру саласындағы ынтымақтастық болмақ. Сондай-ақ саммит бұл форматты ТМД шеңберінен асырып, тұрақты аймақтық интеграцияның негізін қалауы мүмкін.

Саммит в Душанбе может задать новый вектор сотрудничества ЦА и России — эксперты
Коллаж: Kazinform

Ресейдегі Аймақтық проблемалар институтының ғылыми жетекшісі Дмитрий Журавлев алдағы кездесуде экономика, энергетика және көші-қон мәселелерін реттеу басты назарда болатынын атап өтті.

- Қазақстан үшін көші-қон тақырыбы аса өзекті емес, алайда экономикалық ынтымақтастық ауқымы кең, өйткені Ресей мен Орталық Азия елдерінің экономикалары жақында бірыңғай шаруашылық жүйесінен шықты. Қауіпсіздік мәселелері де қаралады, бірақ ол негізгі тақырып болмайды. Өйткені, бұл үшін басқа алаңдар, мысалы, ШЫҰ бар, – деді сарапшы.

Тәжірибелік тұрғыдан басты назар көлік инфрақұрылымын дамытуға аударылуы мүмкін.

- «Еуропа – Қытай» тұрақты көлік дәлізін қалыптастыру маңызды міндет болып қала береді. Оған тек Ресей мен аймақ елдері ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Еуропалық одақ та мүдделі, – деп атап өтті Д. Журавлев.

Саммит в Душанбе может задать новый вектор сотрудничества ЦА и России — эксперты
Фото: Дмитрий Журавлев

Сарапшы екіжақты форматта еңбек миграциясы мәселесіне ерекше назар аударылуы мүмкін екенін айтты, себебі ол кейбір Орталық Азия елдері үшін маңызды. Жалпы, кездесуге қатысушылар экономикалық интеграцияны тереңдетуге мүдделі: біреуіне инвестиция қажет болса, екіншісіне нарықтар, үшіншісіне технологиялар қажет.

- «Орталық Азия – Ресей» форматы болашақта тұрақты жұмыс істейтін жүйеге айналып, ТМД-ның орнын басуы мүмкін. Кейде ТМД-ның тиімділігіне қатысты күмән келтіріп жүргендер бар екені жасырын емес. Балама нұсқа ретінде ол ТМД құрамына қосылып, әлдеқайда тиімді алаңға айналуы мүмкін, – дейді Дмитрий Журавлев.

Ресей Федерациясының Энергетика және қаржы институтының директоры Марсель Салихов Ресеймен Орталық Азия елдерінің экономикалық ынтымақтастығы ең алдымен энергетика саласында тиімді деп санайды.

- Қазіргі таңда еуропалық нарықтарға жеткізу қиын немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз, сондықтан Мәскеу балама бағыттарды іздеуге мәжбүр. Осы тұрғыда Орталық Азия нарығы перспективалы: аймақта экономикалық өсім байқалып, халық саны артып келеді, ал географиялық жақындық оны Үндістан сияқты алыс нарықтармен салыстырғанда ыңғайлы етеді, – дейді сарапшы.

Саммит в Душанбе может задать новый вектор сотрудничества ЦА и России — эксперты
Фото: Марсель Салихов

Алайда, сарапшы бірқатар шектеулер бар екенін де атап өтті.

- Орталық Азия елдерінде жан басына шаққандағы тұтыну мен ЖІӨ деңгейі әлі де еуропалық көрсеткіштен төмен. Энергия ресурстарын субсидиялау жүйесі ішкі бағаларды төмендетіп, сауданың тартымдылығын азайтып отыр. Дегенмен, жағдай біртіндеп өзгеріп жатыр: Қазақстан мен Өзбекстанда энергия бағасы өсіп, субсидиялау көлемі қысқаруда, нарық ашық әрі тартымды бола бастады. Осыған байланысты Ресейдің аймақтағы газ жеткізуші ретіндегі рөлі күшейіп келеді, – дейді М. Салихов.

Сарапшы экономикалық тұрғыдан аймақтағы негізгі ойыншылар Қытай мен Ресей екенін атап өтті.

- Бейжіңнің қаржы ресурстары мол және экономикасы күшті, сондықтан ол аймақта белсенді түрде ықпалын кеңейтіп келеді. Ресей энергия ресурстарын жеткізу жағынан артықшылыққа ие, өйткені Орталық Азия жалпы энергия тапшылығын сезініп отыр. Ұзақ мерзімде Мәскеу мұнай өңдеу өнімдерін экспорттауды ұлғайтуға мүдделі, – деді ол.

Жалпы, Ресей мен Орталық Азия арасындағы экономикалық серіктестік ұзақ мерзімді әлеуетке ие, әсіресе энергетика саласында. Тұтынушылық қабілеттің төмендігі мен энергияны субсидиялау сияқты шектеулерге қарамастан, нарықтардың біртіндеп ашылуы аймақты тартымды етеді.

Орталық Азия бойынша ресейлік сарапшы Дарья Рекеда Ресей мен Орталық Азия елдерінің тұрақты кездесулері, соның ішінде Душанбеде өтетін саммит, диалог форматының тұрақтылығын дәлелдейді деп есептейді.

- Мұндай кездесулер елдерге өз жоспарын айқындап, әрекеттерін нақты уақыт режимінде үйлестіруге мүмкіндік береді, – деді ол.

Сарапшының пікірінше, аймақ біртіндеп өзін біртұтас кеңістік ретінде қарастыра бастады. Қазіргі таңда мұнда ресми интеграциялық бірлестік жоқ, бірақ көшбасшылардың консультативтік кездесулері аймақтық үйлестіруді күшейтудің маңызды құралына айналып келеді.

Саммит в Душанбе может задать новый вектор сотрудничества ЦА и России — эксперты
Фото: Дарья Рекеда

Сарапшы талқылаудың негізгі тақырыптары ретінде транзиттік әлеуетті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі және аймақтың белсенді демографиялық дамуына байланысты өсіп келе жатқан ішкі нарықты атап өтті.

- Ресей Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарына ерекше мән беріп, екінші және үшінші қайта өңдеудің өндірістік секторларына инвестиция салуға басымдық береді. Екіжақты және көпжақты келіссөздерде экономика бағытына негізгі екпін түсіріледі, – дейді Д. Рекеда.

Оның пікірінше, Сирия мен Ауғанстандағы жағдай өзгергендіктен, қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіру де күн тәртібіне енгізіледі.

- Гуманитарлық ынтымақтастық әрдайым маңызды болып келген, әсіресе Ресей заңнамасын өзгерткен жағдайда, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан үшін еңбек миграциясы ерекше мәнге ие. Білім беру де басымдыққа айналып отыр – квоталар, академиялық ұтқырлық және Орталық Азиядағы ресейлік университеттердің филиалдарын дамыту мәселелері талқыланады. Энергетика саласы, соның ішінде атом энергетикасы мен энергия ресурстарын жеткізу мәселелері де қаралады. Сонымен қатар, көлік пен логистика, әсіресе Орта дәлізді дамыту маңызды орын алады, оған деген қызығушылық соңғы кезде айтарлықтай артты, – деп атап өтті сарапшы.

Жалпы, Орталық Азия мен Ресей арасындағы қатынастар өте белсенді және көпқырлы бағытта дамып жатыр. Бірлескен кәсіпорындар мен жобалардың саны артып келе жатқаны ресейлік компаниялардың аймаққа қызығушылығының бар екенін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, саммиттің басты тақырыбы – экономика: өндіріске инвестиция салудан бастап, көлік жолдарын және энергетика секторын дамытуға дейін. Сонымен қатар, әсіресе Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдайларды ескерсек, көші-қон, білім беру және қауіпсіздік мәселелері де маңызды. Осылайша, алдағы саммит Орталық Азия мен Ресей арасындағы тұрақты әрі тиімді диалогты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге барады.

Соңғы жаңалықтар