Душанбедегі БАҚ конференциясында Орталық Азия медиа кеңістігіндегі істің жайы туралы пікірсайыс өтті

ДУШАНБЕ. Мамырдың 26-ы. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Душанбедегі «Ақпаратқа қолжетімділік және жаңа технологиялар» тақырыбында өтіп жатқан ХІІ орталықазиялық БАҚ конференциясының екінші күнінде Орталық Азия медиа кеңістігіндегі істің жайы туралы пікірсайыс өтті.
None
None

Пікірсайыс барысында Орталық Азия елдеріндегі БАҚ дамуына байланысты көптеген мәселелер көтерілді. Құқықтық негізде сөз бостандығы мен жауапкершілік арасындағы байланысты орнату, адамдарды ұшқарылықтан қорғау үшін мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерін қабылдау бойынша Қазақстанда қолға алынып жатқан қадамдар конференцияға қатысушылардың назарын аударды.

Конференция барысында, сондай-ақ Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандырудағы қолданған шаралары үшін ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрғасы ретінде Қазақстан тарапына ризашылық білдірілді. Қырғызстандық «Журналист» қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Марат Тоқоевтың пікірінше, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевті ел аумағынан шығару жөніндегі парасатты шешімі осы мемлекеттегі азаматтық соғыстың алдын алды.

Соңғы жаңалықтар