Дүйсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM- 14 қыркүйекте Астана, Алматы және Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман түседі және желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Елдің басым бөлігінде өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Астанада күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары.
Алматыда өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Абай облысында күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Семейде күндіз желдің екпіні 15–18 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысында батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с болады. Солтүстігі мен шығысында кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батысында өрт шығу қаупі жоғары, облыс бойынша төтенше деңгейде сақталады.
Алматы облысында орталығында, батысында және шығысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Атырау облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Атырау қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Өскеменде де өрт шығу қаупі жоғары деңгейде болады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Таразда да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде, облыстың батысында төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыда өрт шығу қаупі жоғары деңгейде болады.
Қостанай облысында күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қостанайда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында түнде солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады.
Павлодар облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары деңгейде болады. Павлодарда таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 23–28 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысында күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.
Осыған дейін Ертіс өзенінің жайылмасы өртеніп жатқаны туралы жаздық.