06:40, 21 Қараша 2022 | GMT +5
Дүйсенбіде ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында – қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қалың қар, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады.