Дүйсенбіде ел аумағында қар жауады, тұман түседі және желдің күшеюі күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, тұман түседі және желдің күшеюі күтілуде.
None
None

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Алматы, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, Қостанай облысының кей жерлерінде - көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Солтүстік Қазақстанда, күндіз Қарағанды облыстарында тұман түсуі, көктайғақ және желдің күші 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар