Джефф Безостың Blue Origin компаниясы алғаш рет жаңа «Нью Гленн» зымыранын ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM - Миллиардер әрі Amazon негізін қалаушы Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin аэроғарыш корпорациясы ауыр жүк көтергіш New Glenn зымыран тасымалдағышының алғашқы сынақ ұшырылымын жүзеге асырды, деп хабарлайды DW.

Джефф Безостың Blue Origin компаниясы алғаш рет жаңа «Нью Гленн» зымыранын ұшырды
Фото: x.com/blueorigin

Ұшыру операциясы Флорида штатындағы Канаверал мүйісі ғарыш айлағынан жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 02:02-де болды. Зымыран ұшырылғаннан кейін 13 минуттан кейін ұшу жоспарына сәйкес жүк модулін орбитаға шығарды.

Зымыранның бірінші сатысын Атлант мұхитындағы қалқымалы платформаға қондыру әрекеті сәтсіз аяқталды.

DW Джефф Безостың Илон Масктың SpaceX компаниясымен бәсекелесуге ұмтылатынын атап өтті. Бұл жобаның ғарыштық ұшулар нарығында үстемдік ететін Илон Масктың SpaceX зымырандарымен бәсекелесу мүмкіндігі бар. Безос бұл бәсекелестік емес екенін айтты. Маск Джефф Безосты X әлеуметтік желісінде сәтті ұшырылыммен құттықтады. 

Blue Origin және SpaceX екеуі де ғарышқа көптеген спутникті жіберуді, жеке ғарыш станцияларын ұшыруды және Айға тұрақты миссиялар бастауды мақсат етеді. 

Соңғы жаңалықтар