Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Дженнифер Лопес Астана қаласынан кейін Ташкентте концерт береді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Ташкент ресми түрде әншінің гастрольдің сапарының кестесіне енді. Дженнифер Лопес Өзбекстан астанасында 7 тамызда өнер көрсетеді. Концерт «Бунёдкор» стадионында өтеді.
Тиісінше, кешеден бастап билеттер сатылымға шықты. Олардың ең арзаны 1 млн сум (шамамен 40 мың теңге) болса, ең қымбаты 3,7 млн сумнан (150 мың теңге) асады.
Концертті ұйымдастырушылар билеті қайта тапсыруға және ауыстыруға болмайтынын ескертті. Алаяқтар қулығын асырмас үшін өзбекстандықтарға билетті iticket ресми сайтынан сатып алу ұсынылып отыр.
Еске салайық, 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді.
Сонымен қатар өнер иесінің екінші концерті 10 тамызда Алматы қаласында ұйымдастырылады.