Джереми Реннер Forbes тұжырымы бойынша ең табысты актер атанды

Актердің түсірілімге қатысуы арқылы табысын есептеу барысында оған жұмсалған әр доллар кассаға 94 доллар пайда әкеледі. Басылым актердің басты рөлді сомдаған соңғы үш фильміне сүйеніп бағалаған.
Реннер 2017 жылдың тізімінде «Орындалмайтын миссия: Қашқындар тайпасы (Mission: Impossible - Rogue Nation 2015), «Алғашқы кек алушы. Текетірес (Captain America: Civil War 2016) және «Бейсауат (Arrival 2016) фильмдері арқылы көш бастап тұр. Сондай-ақ, ол барлық үш фильмде де негізгі емес, қосымша кейіпкерді сомдаған.
Бұл тізімде екінші орында Эмма Уотсон тұр. Ол өзіне жұмсалған әр доллардың орнына 71 доллар кіріс келтірген. Үшінші орынды екі жыл қатарынан Скарлетт Йоханссон иемденіп келеді.
Алғашқы бестікті Эми Адамс пен Крис Пратт тұйықтап тұр. Marvel компаниясының шығарған фильмдеріндегі кейіпкерлер рейтингтің алғашқы бестігінің үш орнын иемденген.