Джей Ди Вэнс: АҚШ Ирандағы мақсатына жетті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ әкімшілігі Иранға қатысты әскери операцияның міндеті орындалды және қақтығысты аяқтауға кірісетін уақыт келді деп санайды. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс мәлімдеді, деп хабарлайды Report.

Джей Ди Вэнс: АҚШ Ирандағы мақсатына жетті
Фото: Report

— Біз өз мақсатымызға қол жеткіздік деп ойлаймын. Енді мұны аяқтауға кірісеміз, — деді ол.

Вэнс қақтығысты «табысты келіссөздер арқылы» аяқтауды жөн көретінін атап өтті. Сондай-ақ ол Иранның ядролық бағдарламасына тоқталып, бұл АҚШ-ты алаңдататынын атап өтті.

— Сондықтан біз бұл материалды (байытылған уранды — ред.) толықтай елден шығарып, оның АҚШ бақылауында болғанын қалаймыз… Ирандықтардың ядролық қаруға ие болмаймыз деуі — бір мәселе. Ал оның жүзеге аспауын қамтамасыз ететін механизм құру — басқа мәселе, — деді Вэнс.

Еске сала кетейік, 11–12 сәуір күндері Исламабадта Иран мен АҚШ арасында келіссөздер өтті. 21 сағаттан астам уақытқа созылған шиеленісті келіссөздер соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге әкелмеді.

Соңғы жаңалықтар