Джей Ло концерті: Еріктілер көрермендерді орналастыруға көмектесті

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда еріктілер мен стюардтар Дженнифер Лопес концертіне келген көрермендерді орындарына орналастыруға жәрдемдесіп жүр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еріктілер мен стюардтар Дженнифер Лопес концертіне келген көрермендерді орындарына орналастыруға жәрдемдесіп жүр
Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік турдың Up All Night бағдарламасы аясында көптен күткен Дженнифер Лопестің концерті өтіп жатыр. Әлемдік деңгейдегі бұл сахна жұлдызы тұңғыш рет Қазақстан көрермендерімен жүздесіп отыр. Ерекше сәтті тамашалау үшін 35-тен астам елден қонақтар жиылып, мыңдаған турист арнайы Алматыға ат басын бұрды.

Еріктілер мен стюардтар Дженнифер Лопес концертіне келген көрермендерді орындарына орналастыруға жәрдемдесіп жүр
Фото: Алматы әкімдігі

— Секторлардың кіреберісінде қонақтарды стюардтар мен еріктілер жылы шыраймен қарсы алып, қажетті қатар мен орынды табуға бағыт беріп жүр, үлкен алаңда орын табуға бағыт-бағдар көмектеседі, сауалдарға жауап береді. Олардың тиянақты еңбегінің арқасында көрермендерді орналастыру үдерісі тез әрі артық қарбалассыз өтіп жатыр. Осылайша, жұрт мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Джей Лоның сахнаға шығуын асыға күтіп отыр, — делінген хабарламада.

Еріктілер мен стюардтар Дженнифер Лопес концертіне келген көрермендерді орындарына орналастыруға жәрдемдесіп жүр
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан бұрын 8 тамызда Дженнифер Лопес командасы Алматыға келгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар