Джей Ло концерті кезінде Алматыда қандай көшелер жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 10 тамыз күні әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді.

Алматы қаласының полиция департаменті Орталық стадионда өтетін концерт кезінде жабылатын көшелердің схемасын жариялады.
Атап айтқанда:
– Абай даңғылы Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін;
– Қ.Сәтбаев көшесі Сейфуллин даңғылынан Байзаков көшесіне дейін;
– Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабық болады.

Аталған көше учаскелері 10 тамыз күні сағат 16:00-ден бастап жабылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Джей Ло концертіне дайындық қалай жүріп жатқанын жазғанбыз. Жалпы концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 960 қызметкер жұмылдырылады. Оның ішінде 2 240 полиция қызметкері, 600 әскери қызметкер, 120 жеке күзет агенттігі өкілдері және 300 ерікті бар.