Джей Ло концерті: Орталық стадионға арнайы автобустар қай жақтан қатынайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 10 тамыз күні әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді.

Джей Ло
Фото: instagram.com/jlo

Алматы әкімдігінің мәліметінше, әлемдік жұлдыздың ән кешіне 20 мыңнан астам көрермен жиналмақ. Сондықтан Орталық стадионға кіру сағат 15:00-ден бастап ашық болады. Негізгі іс-шара сағат 19:00-де басталады.

- Негізгі жұлдыз сахнаға шыққанға дейін Қазақстан эстрадасының танымал орындаушыларының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама өтеді. Олар стадионға келген алғашқы минуттардан-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлайды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Негізгі кіру аймақтары:

Абай даңғылы жағынан:

5-қақпа – 2–18 секторлар

6-қақпа – 19–25 секторлар, фан-аймақ және би алаңы

• Байтұрсынұлы көшесі жағынан: 1 және 2-қақпа (отыратын секторлар)

• Сатпаев және Шагабутдинов көшелері жағынан: сахна мен би аймағына өтетін көрермендер

Сонымен қатар зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдерге арналған бөлек кіреберіс болады.

Арнайы автобус бағыттары

Концертке келетін адамдардың ыңғайлылығы үшін Орталық стадионға дейін және кері бағытта тегін автобустар ұйымдастырылады.

Шаттл автобустар 15:00, 15:45, 16:30, 17:15 және 18:00 уақыттарында жүреді.

Стадионға жөнелту бағыттары:

Halyk Arena – Халық Арена аялдамасы;

• Қалқаман – №7 қалалық аурухана аялдамасы;

• Орбита / Торайғыров пен Мұстафин қиылысы – Демирель колледжі аялдамасы;

• Райымбек / Алатау – Жақыбаев аялдамасы;

• Алматы-1 теміржол вокзалы;

• Almaty Arena – Алматы Арена аялдамасы.

Концерттен кейінгі қайту бағыттары (автобустар толыуына қарай жүреді):

* Сәтбаев көшесі – Қалқаман;

* Байтұрсынов көшесінің батыс жағы – Орбита;

* Байтұрсынов көшесінің шығыс жағы – Алматы-1 вокзалы;

* Абай даңғылының оңтүстік жағы – Халық Арена;

* Абай даңғылының солтүстік жағы – Almaty Arena және Райымбек / Алатау.

Еске салайық, Алматыда Джей Ло концертіне дайындық қалай жүріп жатқанын жазғанбыз. Жалпы концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2960 қызметкер жұмылдырылады. Оның ішінде 2240 полиция қызметкері, 600 әскери қызметкер, 120 жеке күзет агенттігі өкілдері және 300 ерікті бар.

Бұған дейін Джей Ло концерті кезінде Алматыда қандай көшелер жабылатынын жазғанбыз.

Әлемдік поп-жұлдыз 1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында жеке концерт берді.

 

Соңғы жаңалықтар