Джей Лоның Астанадағы концерті қалай өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес «Астана Арена» стадионында жеке концерт берді.

концерт Джей Ло
Фото: @1917__team

Әлемдік жұлдыз елорда халқы мен қонақтарын 2 сағатқа жуық өнерімен тәнті етті.

Көрермендердің көзінен энергия мен ұмытылмас әсер байқалды. Жиналған жұрт концерттің соңына дейін әншімен қосыла ән айтып, би биледі. 

концерт Джей Ло
Фото: @1917__team

Концерт барысында байқалған ерекше сәт, Дженнифер Лопес әлсін-әлсін алғыс білдіріп, тыңдармандарын жақсы көретінін жиі айтты.

Тағы бір айта кететін жайт, стадион көрерменге лық толды.

концерт Джей Ло
Фото: @1917__team

Сондай-ақ әлемдік өнерпаз шоу барысында бірнеше рет сахналық образ ауыстырды. 

Кеш соңында жұлдыз жанкүйерлердің қасына барып естелік фотоға түсіп, жылы лебізін білдірді. 

концерт Джей Ло
Фото: @1917__team

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Дженнифер Лопестің шоуынан кейін көрермен қауым экологиялық бастама көтерді. Концерт аяқталған соң жұрт трибунадан кетіп қалмай, стадиондағы қоқысты жинап, мәдениет пен жауапкершілік деңгейін көрсетті. Акцияға елорда тұрғындарының сүйікті кейіпкеріне айналған Тазабек те қосылды. 

концерт Джей Ло
Фото: @1917__team

Айта кетейік, «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінен қанша экономикалық пайда түсетінін айтып берді

концерт Джей Ло
Фото: @1917__team

Еске салайық, Астанада Jennifer Lopez концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылды.

Сондай-ақ Алматыға Дженнифер Лопестің концертін тамашалауға 29 елден көрермен келеді деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар