Джейкобсты жеңген Альварес Головкиннің салмағындағы үш титулды иемденді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста (АҚШ) мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы (72,6 кг дейін) әлем чемпионы титулдарына қатысты жекпе-жек өтті.
None
None

Чемпиондар арасындағы айқас 2 раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімі бойынша 115-113, 115-113 және 116-112 есебімен жеңіс Сауль Альвареске берілді. Алайда, абсолютті әлем чемпиондығына дейін мексикалық боксшыға Деметриус Андаре иеленген WBO белбеуі жетіспейді.
Айта кетейік, Альварес пен Джейкобстың екеуі де Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары. Қазақстандық боксшы өзінің жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен жекпе-жекті тамашалады.

Соңғы жаңалықтар