23:26, 29 Қазан 2025 | GMT +5
Джиу-джитсу: Камила Қапан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM – Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Камила Қапан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Спортшы 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, ол шешуші кездесуде Анабель София Риваспен (Сингапур) кездесіп, қарсыласына жол берді.
Осылайша, Камила Қапан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Абдулла Батырбек джиу-джитсудан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды.
Әділжан Нұрбекен дзюдодан жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.