09:03, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Джиу-джитсуды игеру және белбеу тағу үшін павлодарлық «ДОС» клубының балалары емтихан тапсырды
ПАВЛОДАР. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық балалар демалыс клубының тәрбиленушілері джуи-джитсуды игеруде жақсы дайындықтарын көрсетіп,

жоғары техникалық деңгейге қол жеткізді. 16 бала сарғылт және сары түсті белбеуге ие болды, деп хабарлады қаладағы еңбекпен қамту және балалар шығармашылығының орталығы.
Танымал спорт түрі - джиу-джитсу бойынша емтихан тапсыру клуб мүшелерінің бір жылғы оқуларының қорытындысы болды.
Жауынгерлік шеберлікті игерген балалардың дәрежесін жоғары маманданған спортшылар, шығыс күресі бойынша спорт шеберлерінен құралған комиссия мүшелері анықтады.