Джо Байден ақбас бүркітті ұлттық құс деп тану туралы заңға қол қойды

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Джо Байден ақбас бүркітті ұлттық құс деп тану туралы заңға қол қойды. Бұл туралы сейсенбі күні Ақүй таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС.

Джо Байден ақбас бүркітті ұлттық құс деп тану туралы заңға қол қойды
Фото: Depositphotos

— Дүйсенбі, 23 желтоқсан күні Президент Америка Құрама Штаттары Кодексінің 36-тарауына түзетулер енгізетін және бүркітті ұлттық құс деп жариялайтын заңға қол қойды, — делінген Ақүй мәлімдемесінде.

Ақбас бүркіт 1782 жылдан бастап АҚШ рәміздерінің бірі саналады, оның бейнесі елтаңбада, президенттік стандартта, банкноттарда және басқа да мемлекеттік атрибуттарда, сондай-ақ ұлттық корпорациялардың логотиптерінде қолданылады. Сол жылы Конгресс бұл жыртқыш құсты ұлттық символ ретінде бекітті, бірақ осы уақытқа дейін Америка Құрама Штаттарының ұлттық құсы болған жоқ, өйткені Америка заңдарының кодексінде мұндай тармақ жоқ.