Джо Байденге қауіпті онкологиялық диагноз қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Дәрігерлер 16 мамыр күні АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнен қуықасты безі қатерлі ісігінің агрессивті түрін анықтады, деп хабарлайды The New York Times.

Байден
Фото: fbcnews.com

ТАСС басылымға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, аурудың бұл түрі гормондық терапиямен емделеді, сондықтан ауру ағымын бақылауда ұстауға болады.

— Аурудың түрі агрессивті болғанымен, ол гормоналды терапиямен емдеуге болады. Бұл емдеуді нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта президент пен оның отбасы дәрігерлермен бірлесіп емдеу нұсқаларын қарастырып жатыр, — делінген Байден өкілінің басылымға берген мәлімдемесінде.

Осыдан бұрын наурыз айында Ұлыбритания королі Чарльз III қатерлі ісіктің жанама әсеріне байланысты ауруханаға түскені хабарланды.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден кез келген іс-шарада баяндама жасау үшін ұйымдастырушылардан 300 мың доллар талап ететіні анықталды.

Бұдан бөлек Трамп Байденді құпия ақпаратқа қол жеткізу құқығынан айырғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар