Дзюдо: Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде үш медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Израильде мәресіне жеткен дзюдодан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдо: Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде үш медаль алды


Айта кетсек, дзюдодан Қазақстан құрамасы Израиль астанасы Тель-Авив қаласында 17-19 ақпан аралығында өткен әлемдік «Grand Slam» жарысында бақ сынады. Онда қазақстандық балуандар бір күміс және екі қола медаль алды.

Ел құрамасынан 60 келіге дейінгі салмақта Бауыржан Нарбаев күміс жүлде иеленсе, Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Жансай Смағұлов (73 келі) қола медальға қол жеткізді.

Жарыстың үшінші ойын күнінде қазақстандық Назгүл Маратованың (78 келі) да жүлдегерлер қатарынан көрінуіне мүмкіндігі бар еді. Ол жұбаныш финалына шыққан болатын. «Қола» үшін таласта қарсыласына жол берді.

Айта кетсек, аталған жарысқа еліміздің ерлер және әйелдер құрамасынан барлығы 25 спортшы қатысты.