Дзюдо: Қызылордада республикалық турнир өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысындағы №147 қазақ орта мектебінде Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев басқаратын «Абзал и К» компаниясының жүлдесі үшін дзюдодан 1999-2000 жылы туылғандар арасында республикалық турнир өтуде.
None
None

Дәстүрлі турнир биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биылғы жылы татами төріне асыққан балуандар арасында көрші Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген спортшылар да бақ сынайды. Айтулы жарысқа айналған додаға еліміз бойынша барлығы 400-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс ертең мәресіне жетіп, жеңімпаздар компания белгілеген жүлделерге ие болады.

Соңғы жаңалықтар