17:05, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Дзюдо: Жарысты әдемі бастаған Ислам Бозбаев жарыс жолынан шығып қалды
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындары аясындағы жарыста алғашқы екі кездесуін айқын басымдықпен жеңген Ислам Бозбаев үшінші айналымда неміс спортшысы Оле Бишоптан ұтылып қалды.

21 жастағы қазақстандық дзюдошы бұның алдында украиндық спортшы Артем Василенкомен, Того елінің дзюдошысы Сачо Денаньонмен жекпе-жектер өткізіп, екеуін де жеңген болатын.
Айта кетейік, 1 тамыз күні отандық дзюдошылардың жарысын 90 келіге дейінгі салмақтағы астаналық Тимур Болат жалғастырады.