18:11, 23 Мамыр 2024 | GMT +5
Дзюдодан әлем біріншілігін Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы бірде-бір жүлде ала алмады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бүгін татамиге шыққан спортшының барлығы да жеңіліс тапқан.
Атап айтар болсақ, 100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді. +100 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан жеңілді. +78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін 1 қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Абиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті. Қалған спортшыларымыз түгел жеңілді.