Дзюдодан әлем чемпионаты: Әбиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында құрама үздігі Әбиба Әбужақынова келесі кезеңге өтті. 

Әбиба Әбужақынова
Фото: olympic.kz

Жарысты екінші айналымнан бастаған отандасымыз түркиялық Сыла Ерсінді қапы қалдырды.

Ерлерден  60 келі салмақта бозкілемге шыққан Нұрқанат Серікбаев мальталық Джеймс Захранның осал тұсын тапты. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алғанын жазған едік.