Дзюдодан әлем чемпионаты: Ел құрамасынан бүгін Жансай Смағұлов күреседі

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катарда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында ел құрамасынан 9 мамырда сынға түсетін спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан ерлер арасында 73 келі салмақта Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев татами төрінде таласқа түседі.

Ал әйелдерде Бақыт Құсақбаева (57 келі) жарыс жолына шығады.

Қазақстандық Жансай Смағұлов алғашқы белдесуінде ресейлік Махмадбек Махмадбековпен кездессе, Данияр Шамшаев түркиялық Умальт Демирельмен сайысқа шығады.

Ал Бақыт Құсақбаеваның алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы - жаңазеландиялық Кона Кристи.

Айта кетсек, 8 мамырда Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 1/8 финалда жеңілсе, Толғанай Әбеуова (52 келі) алғашқы іріктеу кезеңінен аса алмады.

Ал 7 мамырда 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов 1/8 финалдан аса алмаса, Нұрқанат Серікбаев жетінші орынмен аяқтады. Бұл күні әйелдерде 48 келіде Абиба Әбужақынова жарысты бесінші орынмен аяқтаса, Ғалия Тынбаева 1/8 финалға дейін жетті.


Соңғы жаңалықтар