Дзюдодан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтетін дзюдодан әлем біріншілігінде сынға түсетін Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік додада ел намысын 19 дзюдошы қорғайды. Олардың 10-ы ерлер, 9-ы әйелдер құрамасында татамиге шығады.

Ерлер құрамасында Елдос Сметов (60 келі), Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келіден жоғары) және Айдар Арапов (90 келі, mix team - аралас команда) бар.

Ал қыздарда Абиба Абужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары), Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) сынға түседі.

Әлем чемпионаты 7-14 мамыр аралығында өткізіледі. Оған 99 мемлекеттен 670-ден астам спортшы келеді деп күтілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар