Дзюдодан әлем чемпионатының медаль кестесінде Қазақстан нешінші орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдодан әлем чемпионатының медаль кестесінде Қазақстан нешінші орында тұр

Дүбірлі додада ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медаль алған болатын.

Медальдар кестесінде қазақстандық дзюдошылар дәл сондай көрсеткішке жеткен Оңтүстік Корея, Нидерланд, Әзербайжанмен бірге 15-18 орындарды өзара бөлісіп тұр.

Медальдар кестесінде Жапония 12 (5 алтын, 4 күміс, 3 қола) медальмен көш басында тұрса, екінші және үшінші орындардағы Бразилияның 4 (2-1-1), Өзбекстанның 2 (2-0-0) медалі бар.

Әлем чемпионатына еліміздің атынан 17 спортшы қатысты. Оның 9-ы ерлер, 8-і әйелдер арасында сынға түсті.

Сондай-ақ, бүгін қазақстандық дзюдошылар командалық сайыста алғашқы айналымда Нидерланд құрамасына 3:4 есебімен жол берді.


Фото: olympic.kz/ Сали Сабиров