Дзюдодан әскерилер арасында ӘЧ: Қазақстан ерлер құрамасы тұңғыш рет қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Ташкент қаласында дзюдодан әскери қызметшілер арасында мәресіне жеткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдегер атанды.

қола жүлде
Фото: Дзюдо федерациясы

Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының әскерилер арасында әлем чемпионатындағы командалық сындағы тұңғыш медалі. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жұбаныш финалында Қазақстан құрамасы Италия командасын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы жеребе бойынша В тобына түсті. Алғашқы айналымда Франция құрамасын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші айналымда Оңтүстік Корея құрамасына 2:3 есебімен жол берді. Қарсылас команданың финалға жолдама алуына байланысты Қазақстан екі жұбаныш белдесуін өткізді. Жұбаныш кездесуінде Испания мен Алжир құрамасын 3:0 есебімен ұтқан Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқанат Серікбаевтың әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан қоржынына тағы қос медаль түсті.

 

Соңғы жаңалықтар