Дзюдодан Австрияда өтетін Гран-при турниріне кімдер барады

АСТАНА. KAZINFORM – 8-10 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турниріне баратын татами шеберлері анықталды.

Дзюдодан Австрияда өтетін Гран-при турниріне кімдер барады
Фото: olympic.kz

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде ел намысын жеті салмақта 14 балуан қорғайды.

Команда құрамы мынадай:

60 келі: Ержан Еренғайыпов, Қанат Сейілхан

66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахматқали

73 келі: Жансай Смағұлов, Ислам Тоқтасын

81 келі: Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла

90 келі: Аян Байғазы, Айдар Арапов

100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Осы орайда айта кетейік, 1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді.

Аталған додада кімдер сынға түсетінін жазған болатынбыз.

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды