22:18, 11 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Дзюдодан Азия чемпионатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Индонезия астанасы Джакарта қаласында Азия чемпионатын сәтті бастады.

Құрлықтық доданың алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті.
Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 келі) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) күміс медаль алды.
Ал Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (40 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі) және Жанайым Маратбек (52 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бес медаль алды.