Дзюдодан Еуропа кубогында Шерзод Давлатов чемпион атанды

дзюдо
Фото: Дзюдодан Қазақстан құрамасының Telegram арнасы

АСТАНА. KAZINFORM - Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогында қазақстандық Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды.

Жарыстың алғашқы күні, 15 маусымда қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов 60 келіде барлығы 5 кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті.

Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия), ал финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелден басым түсті.

Айта кетсек, Еуропа кубогіне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысуда.

Айта кетсек, биыл Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды.

Әйелдерде Абиба Абужақынова (48 келі), Камила Берліқаш (78 келі), Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс) бақ сынаса, ерлерде Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі) ел намысын қорғайды.

 

Соңғы жаңалықтар