17:13, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын әйелдер құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – 1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін дзюдодан кезекті Grand Slam турниріне ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы анықталды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәлімдеуінше, аталған сынға Қазақстанның ерлер құрамасы 7 салмақта 12 татами шебері бақ сынайды.
Олар:
48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Балнұр Әбдешова, Толғанай Әбеуова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Есмигул Куюлова, Кристина Сотникова
70 келі: Екатерина Токарева
78 келі: Аруна Жангелдина, Маргарита Гриценко
+78 келі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.
Естеріңізге сала кетейік, кеше аталған додада сынға түсетін ерлер құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.