Дзюдодан Grand Slam жарысында қазақстандық балуандар кімдермен күреседі

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Дзюдодан Grand Slam жарысында қазақстандық балуандар кімдермен күреседі
Фото: Қазақстан ҰОК

Беделді бәсеке 20 наурызда басталып, 22 наурызда мәресіне жетеді. Рейтингтік турнирдің жеребе тарту рәсімінде қазақстандық дзюдошылардың кімдермен күш сынасатыны анықталды.

20 наурыз

60 келі. Мағжан Шамшадин — Дмитрий Котельников (Ресей).
60 келі. Талғат Орынбасар — Артём Колосов (Беларусь).
66 келі. Нұрқанат Серікбаев — Дрисс Массон (Франция).
66 келі. Ақылжан Жұбатқанов — Бенч Матхе (Венгрия).

21 наурыз

73 келі. Аңсарбек Гайнуллин — Самуэль Гасснер (Аустрия).
73 келі. Әнуар Жұмагелдин — Алан Хубиев (Ресей).
81 келі. Асқар Нарқұлов — Винченцо Пеллигра (Италия).
81 келі. Мәди Амангелді — Бернд Фашинг (Аустрия).

22 наурыз

90 келі. Барақ Арқабай — Клен Калжулайд (Эстония).
100 келі. Бақжан Байтас — Николоз Залишвили (Грузия).
100 келі. Бейбіт Мәдеев — Зомбор Вег (Венгрия).
100 келі. Еламан Ерғалиев — Гела Залишвили (Грузия).

Татами төрінде 53 елден келген 424 спортшы қатысады деп жоспарланған. Беделді бәсеке 20-22 наурыз күндері өткізіледі.

Оған Қазақстан ерлер құрамасы толық құраммен қатысады. Жарыс 22 наурызда мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар