Дзюдодан Хорватиядағы Grand Slam турниріне ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін «Үлкен Дулыға» турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Дзюдодан Хорватиядағы Grand Slam турниріне ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Аталған жарыста ел намысын 17 спортшы қорғайды.

Ерлер

60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан;

66 келі: Нұрқанат Серікбаев;

73 келі: Бақытжан Абдурахманов;

90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов;

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.

Әйелдер

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;

52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;

57 келі: Дана Әбдірова;

63 келі: Эсмигүл Куюлова;

70 келі: Ажар Асхат;

78 келі: Екатерина Токарева;

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 13-15 қарашада өтеді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жүзгіштер әлем кубогының алғашқы күнінде ұлттық екі рекордты жаңартқанын хабарлаған едік.