Дзюдодан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінде кімдер жеңімпаз атанды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында екінші жарыс күнінде бес салмақ дәрежесінде жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Бұл күні де күтпеген нәтижелер болмай қалған жоқ. Тартысты сайыс қорытындысында өз салмақ дәрежелерінде мына спортшылар үздік шықты.
Әйелдер
57 келі:
1.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы),
2.Дана Әбдірова (Атырау облысы),
3.Карина Қаракенова (Абай облысы),
3.Дина Мұханбет (Қызылорда облысы).
63 келі:
1.Эсмигуль Куюлова (Атырау облысы),
2.Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы),
3.Ұлдана Таңжарықова (Жамбыл облысы),
3.Асылжан Орынбасарова (Жамбыл облысы).
70 келі:
1.Екатерина Токарева (Алматы облысы),
2.Кристина Сотникова (Абай облысы),
3.Ажар Асхат (Абай облысы),
3.Диана Телбаева (Қарағанды облысы).
Ерлер
73 келі:
1.Есет Қуанов (Ақтөбе облысы),
2.Барыс Қуан (Абай облысы),
3.Саят Сейітқалиев (БҚО),
3.Ислам Тоқтасын (Алматы облысы).
81 келі:
1.Мәди Амангелді (Астана қаласы),
2.Айғали Қалдыбек (Қызылорда облысы),
3.Досхан Жолжақсынов (Жетісу облысы),
3.Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы)
Сенбі күні тағы 5 салмақта жүлделер сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында Мағжан Шамшадинді жеңген Нұрәділ Әлжанның чемпион атанғанын жазған едік.